#
#
Дүйсенбі 21/09/2020

Павлодар мұнай зауыты заңнама талаптарының бұзылу жағдайына түсінік берді

  • 16.01.2020
  • 0
  • 455

«Павлодар мұнайхимия зауыты» атом энергиясы саласындағы заңнама талаптарын бұзылу жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы "Ұлт ақпарат" зауыттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, бұзушылықтар «иондаушы сәуле шығару көздерін» қолданудың нақты құжатталған сипатына ие екендігін айтуда .

«Кәсіпорындағы радиологиялық жағдай тұрақты дозиметрлік бақылауға сәйкес гамма-сәулеленудің рұқсат етілген деңгейінен аспайды.Жұмыскерлер мен тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төнбейді. Жабдықтар жақсы күйде және иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге арнайы даярлаудан өткен жұмыскерлердің бақылауында», - делінген хабарламада.

 

Еске салсақ, ҚР Энергетика министрлігі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-да атом энергиясы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптары орындалмайтындығын анықтап, дабыл қаққан болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар