Ел ішінде сайлаудан кейін бірден бір көтеретін мәселесі – партияның сайлауалды бағдарламасын орындауы. Бәсекеге түскенде бес жылға жоспар құрып, мақсат қойған партиялар бірден іске кірісуі, құба-құп дүние. Мұндай жағдайда іс-әрекеттің бір ізге түскені, жүйелі түрде, тізбектеле әр мәселенің шешім табуы қуантады. Осы орайда «Ұлт» порталы партиялар қалай жұмыс істеп жатқанын талдап көрді.
Елдің басты партиясы саналатын Nur Otan партиясы 2021 жылдың сәуірінде отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында оңалту орталықтарының құрылысы, отбасын қолдау инфрақұрылымын кеңейту, суицидтің алдын алудың бірыңғай жүйесін енгізу және басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Партия хатшысы Әлібек Алденейдің айтуынша, "Бақытты отбасы" жобасы аясында орталық және жергілікті атқарушы органдар кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, еліміздің 220 елді мекенінде интернаттар мен мектептерде жөндеу жұмыстарын жүргізу, медициналық-әлеуметтік мекемелерде балаларды күту сапасын жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілген. Бұл жоба елдің барлық аймағында іске қосылды. Сондай-ақ кей қалада "Бақытты Отбасы" жобасы жанынан көпбалалы аналарды оқыту бойынша "Іскер Ана" бағдарламасы жұмыс істейді. Ол жерде аналар құқықтану, аспаздық шеберлік, ұлттық қолөнер, тігін шеберлігі, сұлулық салоны мен қаржылық сауаттылық қызметтерін алып, білімін шыңдай алады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, партияның жұмысы нәтижесінде 200 қызметкер үшін оқыту ұйымдастырылды және жалақы 50%-ға артты. Партия жанынан өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға, әйелдер мен балаларға кешенді көмек көрсету және анықтау үшін "111 шұғыл қызметі" байланыс орталығы ашылды. Ол еліміздің барлық өңірлерінде арнайы құрылған жедел әрекет ету топтарымен өзара іс-қимыл жасайды. Кеңес төрағасы Динара Закиева өңірлерде жүргізілген талдау өңірлердегі отбасын қолдау орталықтарының санын арттыру қажеттігін айғақтайтынын атап өткен еді. Оның ішінде аудан орталықтарында қиын өмірлік жағдайдағы, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасыларына, балалары бар әйелдерге уақтылы көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін осындай орталықтың көп болуы маңызды екенін жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылдың қыркүйегінен бастап балалар мен ересектер үшін отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша "111 шұғыл қызмет" байланыс орталығы қайта іске қосылады. Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады, барлық өтініш қатаң құпия сақталады. Сонымен қатар балалар мен жастарға арналған "150" ұлттық сенім телефоны жұмыс істейді.
"Жедел әрекет ету топтары жұмыс істеген 10 айдың ішінде барлық өңірлерде 46 мың отбасына көмек көрсетілді, оның ішінде құжаттарды ресімдеу, жұмысқа орналастыру және басқа да орталықтар осындай кешенді көмекті "бір терезе" қағидаты бойынша көрсете алады. Партияның сайлауалды бағдарламасында 5 жыл ішінде әрбір қала мен ауданда отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және балалары бар әйелдерге уақытша тұру бойынша 234 орталық ашу міндеті тұр", - деді Динара Закиева.
Отырыс барысында Кеңес мүшесі Диана Ерлан білім және ғылым министрлігінің өкілдерін балалардың интернаттарда тұруы мен оқуының жақсаруына назар аударуға шақырды.
Мәселен, 2019 жылы Кеңестің жұмыс тобы еліміздің барлық облыстарындағы 61 интернатқа барды, олардың 19-ында санитарлық нормалар мен шарттардың бұзылғаны анықталды. Ескертулер жасалған барлық интернаттарда материалдық-техникалық база нығайтылып, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда елде 400-ден астам интернат қалып отыр, олар да жағдайды жақсартуды талап етеді. Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, уәкілетті органға 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін іс-қимыл жоспарын, барлық интернаттардағы жағдайды жақсарту жөніндегі кестені кеңеске ұсыну мерзімі берілген. Отырыс қорытындысы бойынша атқарушы органдар үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді, олардың арасында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына арнайы мектептерден оралғаннан кейін кәмелетке толмағандарды оңалту, мүгедек балаларға арналған оңалту орталықтарының санын ұлғайту және т.б. мәселелер енгізілді.
Қазіргі кезде өзекті мәселенің бірі – ештеңеге құлқы жоқ жастарды жұмысқа тарту, еңбекке баулу. Соған байланысты жастарға арналған партияның "Білім беру процесіне және жұмыспен қамтуға тартылмаған жастарды әлеуметтендіру шараларын әзірлеу және іске асыру (NEET санаты)"жобасы басталды. Жоба бойынша республикалық жобалық кеңсе ашылды. Жобалық кеңседе жастар құқықтық мәселелер, психология мәселелері және басқа да мәселелер бойынша онлайн режимінде кеңес ала алады, ол үшін call-орталық жұмыс істейді. Жобаны сапалы іске асыру мақсатында республиканың 17 өңірімен тығыз ынтымақтастық туралы меморандум жасалады. Осылайша, партиялар отбасы мәселесі мен әлеуметтік мәселені, кәсіпкерлік саласын бір-бірімен байланыстырып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ел ішінде сайлаудан кейін бірден бір көтеретін мәселесі – партияның сайлауалды бағдарламасын орындауы. Бәсекеге түскенде бес жылға жоспар құрып, мақсат қойған партиялар бірден іске кірісуі, құба-құп дүние. Мұндай жағдайда іс-әрекеттің бір ізге түскені, жүйелі түрде, тізбектеле әр мәселенің шешім табуы қуантады. Осы орайда «Ұлт» порталы партиялар қалай жұмыс істеп жатқанын талдап көрді.