29 нау, 2025 сағат 13:53

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Фото: Ақорда

Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізу үшін Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралап көреді", — делінген хабарламада.


Бұған дейін Мемлекет басшысы Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдағанын жазған болатынбыз.