26 қар, 2019 сағат 16:24

«Отбасы – тәрбиенің бастауы» байқауының жеңімпаздары анықталды

21 қараша күні Ақмола облысының білім беру ұйымдары арасында үздік бейнероликтерге арналған «Отбасы – тәрбиенің бастауы» атты облыстық конкурс өз мәресіне жетті.

Конкурс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында өтті.

Облыстық конкурсқа қатысу үшін облыстың 18 ауданынан (қалаларынан) отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары өтінім берді. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1  орын – «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасының «Мен және менің отбасым» отбасылық қарым-қатынас клубы І дәрежелі дипломмен және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады;

2 орын    Жақсы ауданы, Жақсы  №1 орта мектебінің «Отбасы-аялы алақан» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІ дәрежелі дипломмен және 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды;

2 орын  Қорғалжын ауданы, Жұмай негізгі мектебінің «Шаңырақ» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІ дәрежелі дипломмен және 80 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады;


3 орын  Біржан сал ауданы, Казгородок орта мектебінің «Отау» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІІ  дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды;

3 орын – Ерейментау ауданы,  Бөгенбай батыр атындағы орта мектебінің «Нұршуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы ІІІ дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады;

3 орын  Зеренді ауданы, Абайорта мектебінің  «Нұрлы шаңырақ» отбасылық клубы ІІІ дәрежелі дипломмен және 65 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталады.