«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары Өскеменде ауадағы зиянды қалдықтардың көбейгенін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
8-13 қаңтар күндері Өскемен қаласында ауаның жоғары деңгейдегі ластануы тіркелген. Нақты айтқанда, зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясы төмендегідей өскен:
– көміртегі тотығы – 4,1-ге дейін;
– азот диоксиді – 2,1-ге дейін;
– күкірт диоксиді – 1,8-ге дейін;
– күкіртті сутек – 4,8 -ге дейін артқан.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 31 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейінгі аралықта Өскеменде жоғары деңгейдегі ауаның ластануы тіркелгендігін хабарлаған болатынбыз.