26 нау, 2020 сағат 07:42

Өскеменде ДДСҰ рецепті бойынша антисептик өндірілмек

Өскемен қаласындағы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рецепті бойынша антисептиктерді өндіргелі жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Техникалық университеттің лабороториясында зарарсыздандыратын құралдың алғашқы партиясы – 1 мың литрі дайындалды. Ол қатаң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рецепті бойынша әзірленді. Басты міндет – халықты қорғап, коронавирустың таралу қаупін азайту», - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен. 

ШҚМТУ дезинфекциялық заттарды ЖОО-ның студенттері мен оқытушыларына, сонымен қатар қажет еткен халыққа тегін таратпақ. Лаборотория COVID-19 індетімен күрес жөніндегі облыстық штабпен серіктесе жұмыс жүргізеді. Ресми түрде рұқсат алғаннан кейін ЖОО толыққанды өндірісті де іске қосқалы отыр.