05 ақп, 2018 сағат 09:58

Орталық сайлау комиссиясы М.Құл-Мұхамедті депутат ретінде тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депутаты М.Құл-Мұхаммедті тіркеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылдың 5 ақпанында Президент жарлығымен 2018 жылдың 1 ақпанында тағайындалған Парламент сенатының депутатын тіркеу бойынша Берік Имашевтың төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Орталық сайлау комиссиясы отырысында Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлыны ҚР Парламенты Сенатының депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды.

Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылды. Депутаттың өтініш беруі негізге алынып, М. Ашимбаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық өкілеттілігі мерзімнен тыс тоқтатылады.

ҚР Конституциясы 52 бабының 5 тармағына сәйкес, ҚР 1995 жылғы 25 қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәптебесі» туралы Конституциялық заңға сәйкес және М. Ашимбаевтың өтініші негізінде, ҚР Оталық сайлау Комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін мерзімнен тыс тоқтату мәселесі бойынша ұсыным жөнелтеді.