Фото: senate.parlam.kz
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды күшейту қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі таңда орта бизнес тоқырап тұр десе де болады. Орта кәсіпорындардың ЖІӨ-ге үлесі 2019 жылғы деңгейде қалған – 6% шамасында. Оның үстіне орта бизнес кәсіпорындарының 30 пайызға жуығы алғашқы жартыжылдықта шығынға ұшырады", - деді Әшімбаев сенаттағы үкімет сағатында.
Спикердің айтуынша, экономиканы әртараптандыру үшін тиімділікке мұқият талдау жүргізіп, бизнесті қолдау шараларын қайта қарастыру қажет.
"Ең алдымен, перспективасы бар және өнімділігі мол секторларды дамытуға көңіл бөлу маңызды", - деп санайды сенат төрағасы.
Әшімбаев қазір мемлекеттік қолдау көп жағдайда шағын кәсіпкерлікке және жаңа бизнес ашуға бағытталғанын айтты. Ол тиімді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды ірілендіруге және ауқымды етуге ынталандыратын шараларды күшейту қажет екенін атап өтті.