28 қаң, 2021 сағат 16:33

Оралда жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейтін болды

Орал қаласында жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейтін болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев биылғы 21 қаңтардағы «Батыс Қазақстан облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» № 2-БМСДҚ қаулысына толықтыру енгізді. 

Соған сәйкес дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу үшін қоғамдық көліктер жұмысы 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығындағы жексенбі күндері тоқтатылады.

Қаулы бүгіннен бастап күшіне енді.