Оралда бір күнде екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Екі дерек те камераға түсіп қалған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бірінші жағдайда 30 жастағы ер адам Алматы көшесіне жүгіріп шығып, оны Volkswagen Passat көлігі қағып кеткен.
"Жол-көлік оқиғасы 27 қаңтарда таңғы сағат 10:30 шамасында болған. 28 жастағы жүргізуші жолға жүгіріп шыққан ер адамды қағып кетті. ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші дене жарақатын алды. Зардап шеккен адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 2-бөлігі "Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының жол жүру ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деді Полиция департаменті өкілдері.