14 қаз, 2019 сағат 14:18

Оралда саяжай жанып кетті

Орал қаласында саяжай үйі жанып кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 14 қазан күні сағат 13.05-те орын алды.

«Автодорожник» саяжай серіктестігінде аумағы 50 шаршы метр саяжай үйі отқа оранды.

Өрт жеке құрамнан 5 адам, 1 техниканың күшімен 13.40-та оқшауланып, 13.56-да сөндірілді.

Қазіргі кезде оның шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үй өртеніп, бір адамның ажал құшқанын жазған болатынбыз.