05 там, 2023 сағат 07:18

Оралда ресейлік жалдамалы алаяқ ұсталды

видео кадры

Батыс Қазақстан облысында киберполицейлер ресейлік жалдамалы алаяқты ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 шілдеде БҚО ПД “CyberPol” қызметкерлері көкшетаулық әріптестерімен бірлесіп, Оралда жалдамалы алаяқты, Мәскеудің 24 жастағы Х. есімді тұрғынын ұстаған.

"Оның Көкшетауда жүріп, алаяқтықпен 12 млн теңгеден астам ақшаны иемденгені анықталды.

Күдікті Орал қалалық ПБ-ға қарасты УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр" - делінген хабарламада.