11 шіл, 2022 сағат 18:59

Оралда 5 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлады


Оралда үшінші қабат терезесінен құлап кеткен 5 жасар бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 11.06-да С.Есқалиев көшесі 227-мекенжайында орналасқан бес қабатты үйде болды.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған 2017 жылғы бала үшінші қабаттан құлап кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша баланың жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оң иығы шыққан», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.