Фото: Polisia.kz
Оралда 39 жастағы ер адам өз анасын өлтірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 тамыз түскі сағат 12:56 шамасында БҚО ПД кезекші бөліміне Школьная көшесінде орналасқан пәтердің есік алдында үй иесінің денесі жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына барып, 60 жастағы әйел адамның мәйітін тапты. Іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы іске күдікті ретінде 1984 жылғы азамат анықталып, ұсталды.
Күдікті марқұмның психоневрологиялық мекемеде есепте тұрған ұлы екені анықталды. Оқиғаның болжамды себебі - отбасылық-тұрмыстық жанжал" - делінген хабарламада.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.