13 там, 2022 сағат 12:26

Орал әкімі азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты


12 тамызда Орал әкімі Миржан Сатқанов журналистермен кездесіп, бірнеше сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Шаһар басшысы азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты. 

"Біз - көпбалалы отбасымыз. Алты адам бар. Азық-түлікті әйелім сатып алады және оның айтуынша, бәрі қымбаттап жатыр. Тұрмыстық химия заттарына қанша кететінін айта алмаймын, ал азық-түлікке шамамен 200 мың теңгедей кетеді", - деді әкім. 

Сатқанов пандемияға дейін азық-түлікке айына шамамен 100 мыңдай кеткенін атап өтті.