«Еңбек» бағдарламасы аясында еліміздің жұмыс күші артық аймақтарынан 1 858 отбасы көшірілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2018 жылдың қортындысы бойынша, еңбек күші артып жығылатын аймақтардан солтүстік өңірлерге 6 766 адам немесе 1 858 отбасы қоныс аударды. Қоныс аударған азаматтардың ішінде еңбекке жарамдылар саны 3 265 адам болса, оның 2 263-і жұмыспен қамтамасыз етілді. Соның ішінде 180 адам кәсіпкерлікпен айналысады, 112 адам жаңа тұрғылықты жерінде оқумен қамтылды», - делінген министрлік мәліметінде.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының мобильдігін ынталандыру үшін өз еркімен қоныс аударған азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.