10 ақп, 2021 сағат 16:10

Оңтүстік облыстарда өзен-көлдер тасып, ауылдарды су басуы ықтимал

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

11 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ күтіледі.

Осы күні Орал қаласында тұман түседі, боран мен көктайғақ болады. 

Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауады. 

Осыған байланысты 10-11 ақпан аралығында ағын қалыптасып, су деңгейі көтеріледі.