04 сәу, 2025 сағат 11:29

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен ресми түрде босатылды

Фото: BBC

Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты Юн Сок Ёльге қатысты импичментті мақұлдап, оны президенттік лауазымынан ресми түрде босатты, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл шешім 2024 жылдың желтоқсанында елде қысқа мерзімді әскери жағдай енгізгеніне байланысты қабылданды.

Сот Юн Сок Ёльдің билігін асыра пайдаланғанын және оның әрекеттері заңға қайшы болғанын атап өтті. Атап айтқанда, ол парламентке күш қолдану арқылы ықпал етуге ұмтылған.

Соттың бұл шешімі бірден заңды күшіне енді. Енді Оңтүстік Кореяда 60 күн ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтуі қажет. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сайлау 2025 жылдың 3 маусымына жоспарланып отыр.