12 қыр, 2019 сағат 16:23

«Өлке тарихы - Ел тарихы» фотокөрмесі Степногорск қаласында жалғасты

Степногорск қаласындағы «Горняк» мәдениет үйiнде «Өлке тарихы — Ел тарихы» атты жылжымалы фотокөрме өттi.

Ашылу салтанатында Степногорск қаласының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Баян Ермекқызы Айтпаева сөз сөйледi. Баян Ермекқызы өз сөзiнде ұсынылған фотоқұжаттар өзiнiң тарихи құндылығы бар екендiгiн және әр ауданның тәуелсiздiк кезеңiндегi әлеуметтiк-экономикалық дамуын баяндайтынын атап өттi.

Жылжымалы көрмеге Степногорск қаласының мәслихаты, ауылдық округ әкiмдерi, бiлiм беру бөлiмi, мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi, қалалық өлкетану мұражайы, қалалық қазынашылық бөлiмi, түзеу мектебi, балалар музыкалық мектебi, балалар шығармашылық мектебi, «Мирас» мәдениет үйi, кiтапхана жүйесi, қалалық емхана, орталық аурухана, СЭҚ, «НАЦ-Биомедпрепарат» ЖШС, «Қазақтелеком» АҚ, «Болашақ» мектебi, жергiлiктi «Престиж» және «Новая» БАҚ корреспонденттерi, қалалық мектеп оқушылары және мұғалiмдерi, метеп жанындағы кадет корпусының оқушылары, тау-кен техникалық және индустриалды-техникалық колледж студенттерi келiп, тамашалады.

Айта кетсек, бұл жоба Көкшетау қаласында басталып, өңірдің барлық аудандарына эстафетамен беріледі. «Өлке тарихы - Ел тарихы» жобасының басты мақсаты – кіші  Отанының даму тарихын сипаттайтын архивтік-фотографиялық құжаттарды және оның елдің дамуындағы рөлін білу. Көрмеге ауданның құрметті ардагерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, мұғалімдер және аудан жастары қатысты. Көрмеде ХIХ ғасырдын бастап 1991 жылға дейін фотосуреттер бар. Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысушылар жобаның ұйымдастырушыларына алғыс пен тілектерін білдірді.