Бейсенбі күні Токио ойындарының ұйымдастыру комитеті Олимпиада ойындарымен байланысты COVID-19 жұқтырудың 12 жаңа жағдайы турады мәлім етті, деп хабарлайды Кyodo агенттігі.
Вирус жұқтырғандардың екеуі – Олимпиада қалашығы аумағында тұратын шетелдік спортшылар.
Қазіргі уақытта Токиода Ойындарға қатысы бар 87 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті.
Токиодағы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті сандарды санауға 1 шілдеде кірісті. Жалпы санаққа Жапонияда Олимпиада алдындағы жиындардан өткен спортшылар кірмейді.
Ашылу салтанаты жұма күні кешке Токиода COVID-19 шектеулеріне байланысты жанкүйерлерсіз өтеді.