04 қыр, 2018 сағат 12:18

Өлетін елдің етегіне жабысып әлі отырмыз...

Ойбай, ойбай! Қазақстан АҚШ-тың Ресейге салған санкциясынан қорғану шараларын қарастырмақ екен. Кімді ақымақ санап отыр?! 

Біріншіден АҚШ Қазақстанға санкция салып отырған жоқ, демек олай атаудың қажеті шамалы. Әлде тілеп алған аурудың емі жоққа баспақ па?..

Екіншіден АҚШ санкциялары бізге әсер еткені - өзіміздің кінәміз. Одан сақтанудың бір ғана амалы бар. Оны іздеп бас қатырудың да қажеті шамалы. АҚШ санкциясы экономикамызға әсер етпесін десек, Ресеймен бірге құрған экономикалық одақсымақтан шық, нарықтағы Ресей компанияларын азайт, Мәскеумен саяси тым жақындаспа. Болды. Өлетін елдің етегіне жабысып әлі отырмыз.

Асхат Қасенғалидің фэйсбуктағы жазбасынан