Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минскіге келді. Бұл туралы Ақорданың Твитердегі парақшасында хабарланды.
«Нұрсұлтан Назарбаев Минскіге барды. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен кездесуі күтілуде. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ҰКШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатыспақ» делінген таратылған хабарламада.