28 қар, 2016 сағат 09:47

Нұрлан Нығматулин: Нұрсұлтан Назарбаев - қазақстандық парламентаризм моделінің негізін қалаушы

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Астанада «Тәуелсіздіктің 25-жылдығы: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» халықаралық конференциясында құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз сөзінде Мәжіліс Төрағасы біздің еліміздің қалыптасуы мен дамуы жолында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз рөліне тоқталды.  

-Біз 25 жылдың ішінде  барлық қиындықты жеңіп, дамыған 50 елдің қатарына кірдік. Бұл  шынында тарихи жеңіс. Бұл  Тұңғыш Президентіміз  – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  көреген саясатының,  батыл қадамдарының, тарихи шешімдерінің жеңісі. Сондықтан,  25 жылдық биік белестер – еліміз үшін,  халқымыз үшін  жарқын болашаққа жол ашып отыр,-деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, Елбасының басшылығымен жеткен бұл мерейтой ел тарихынлда ерекше кезең. Қазіргі уақытта әлем алдында Қазақстанның өз беделі, абыройы, биік мәртебесі бар.

Н. Нығматулиннің пікірінше, тәуелсіздіктің ақ таңы атқан шақта халық өзінің шынайы таңдауын жасады. Нұрсұлтан Назарбаевты Ел Президенті ретінде таңдай отырып, тағдырлы шешім қабылдады. Сол уақыттан бастап, Елбасы мемлекетіміздің қарқынды дамуының, Қазақстанның гүлденуінің кепіліне айналды.

Маңызды халықаралық жиынның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен ҚР Сыртқы Істер министрлігі.

Форум жқмысына  Беларусь, Бельгия, Иран, Италия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Финляндия, РГФ және Швеция елдерінің парламенттік өкілдері мен сарапшылары қатысуда.  

Шара үш сессияны қамтиды. Олар: «Қазақстандағы негізгі саяси және экономикалық реформалардың қорытындылары», «Қазақстан әлемдік саясатта», «Қазақстан: Келещек көкжиегі».