
Наурыз мерекесінің тойлануына байланысты Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті 21-23 наурыз күндері жұмыс істемейді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты.
«Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті 2021 жылдың 21-23 наурыз күндері жұмыс істемейді. Шектеулер Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамының тойлануымен байланысты. Атап айтқанда, бұл күндері азаматтар, көлік құралдары мен жүк мемлекеттік шекара арқылы өткізілмейді» -деп жалызған ресми мәліметте.
Министрлік осыған байланысты тасымалдаушылар мен жолаушы азаматтарға алдағы күндерге жоспар құрарда осы шектеу шараларын ескеруді сұрап отыр.
