22-27 наурыз аралығында елордаға 18 рейспен 1485 жолаушы келген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Нұрcұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға келетін адамдарды оқшаулау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 22 -27 наурыз аралығында елордаға 18 рейспен 1485 жолаушы келді, оның ішінде үшеуі – сәби. Барлық жолаушылардан зертханалық зерттеулер үшін биоматериалдары алынды. Қазіргі кезде олардың үшеуінен коронавирус анықталды.
Оларды оқшаулап, байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстары жалғасуда», - деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
Ал 27-28 наурыз аралында елордаға тағы үш рейс келген.
«Бұл рейстермен келген адамдар саны – 227. Олардан сынама алып, зертханалық жағдайда тексеріп жатырмыз», - деп толықтырды ол.