04 шіл, 2022 сағат 21:15

Нұр-Сұлтандағы сауда үйінде ер адам әйелін кепілге алған

Фото: instagram.com/astana_sergek

Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде ер адам әйелін кепілге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі елордалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 шілдеде сағат 17.06-да "102" арнасына "Тұлпар" сауда үйінде қару ұстаған ер адам әйелді кепілге алғаны туралы ақпарат түскен.

"47 жастағы ер адам ұсталды. Операция барысында зардап шеккендер жоқ. Шолақ мылтық алынды. Кепілдегі ер адамның әйелі екені анықталды. Оқиғаға ажырасу процесі себеп болған. Әйелге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр", - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шәуленова.

Дерек бойынша соталды тергеу басталғаны атап өтілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.