Нұр-Сұлтандағы "Астықжан" сауда орталығындағы өрттен кейін қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Өрт бойынша "Астықжан" сауда орталығындағы жиһаз салонында келтірілген шығын мөлшерін анықтау үшін әкімдік өкілдері мен сауда үйінің басшылығымен жедел штаб құрылды. Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Өрт-техникалық сараптама тағайындалды.