29 нау, 2020 сағат 11:10

Нұр-Сұлтанда жатақхана карантинге жабылды

Елордада бір жатақхана карантинге жабылды. Бұл туралы бүгін қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Өткен бір тәуліктің ішінде қаланың бас санитарлық дәрігерінің нұсқауымен екі нысан және бір жатақхана карантинге жабылды", - деді Қисықова  онлайн брифингте.

Әкімдіктің мәліметі бойынша карантинге жабылған жатақхана Байқоңыр ауданында орналасқан. Мекенжайы - Сәдуақасов көшесі, 19/1. Жатақханада 28 бөлме бар. Осы нысанда барлығы 100 адам тұрады.

Айта кетейік, бұған дейін қаладағы "Мейірім" медицина орталығы мен Ұлттық онкология орталығы карантинге жабылған болатын.