21 қаңтарда Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова "Елордадағы шектеу және карантин шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кіру үшін қойылған талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Маска тағу, қашықтық сақтау және антисептик қолдану талаптарын да қатаң сақтауы қажет.