04 нау, 2022 сағат 18:39

Нұр-Сұлтанда тағы бір заңсыз майнинг фермасы әшкереленді


Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті ҰҚК департаментімен бірлесіп Нұр-Сұлтандағы өнеркәсіп аумағында заңсыз майнингпен айналысқан ферманы анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында үш жүк контейнері анықталған, олардан төрт түрлі майнинг техникасының 1 170 данасы табылды.

"Ақшалай есептегенде өндірілген криптовалютаның алдын ала сомасы шамамен 2,5 миллион доллар (шамамен 1,2 миллиард теңге)", - делінген хабарламада.

Ведомстволар Қылмыстық кодекстің 214-бабы 1-бөлігі "Заңсыз кәсіпкерлік" бойынша соталды тергеуді бастаған.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті қызметкерлерімен бірлесіп бес күн ішінде 13 майнинг фермасын анықтағаныхабарланған болатын.