28 нау, 2020 сағат 10:22

Нұр-Сұлтанда коронавирустан емделіп жатқан 10 адам үйлеріне шығарылмақ

Бүгін елордада коронавирустан емделіп жатқан 10 адам үйлеріне жіберіледі. Бұл туралы Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Зертханалық жолмен коронавирус жұқтырғаны анықталған 10 науқас бүгін үйлеріне жіберіледі. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, Ешқандай шағымдары жоқ. Зертханада екі рет қайталап тексерілді. Олар ауруханадан шыққан соң екі апта бойы үй жағдайындағы карантинде болады», - Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының башсысы Сәуле Қисықова.