04 сәу, 2020 сағат 12:09

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты

Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Басқарма таратқан мәліметтерге қарағанда, 4 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 202 жағдайы тіркелді. оның ішінде: 

- 186 адам стационарда (Ақмола облысы - 3);

- 17 адам сауығып, ауруханадан шығарылды;

- бір өлім жағдайы тiркелді. 

Қазіргі уақытта КВИ бар 5 науқастың жағдайы - тұрақты ауыр, 3 науқас - өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, яғни КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес емдеуде.

Қалған емделушілердiң жағдайы - қанағаттанарлық.