25 қаң, 2022 сағат 14:51

Нұр-Сұлтан балабақшасындағы жанжал: полиция мәлімдеме жасады


Елордалық полиция қызметкерлері балабақшалардың бірінде қызды ұрды деген күдіктінің кінәсі дәлелденгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық ІІД баспасөз қызметі мәліметінше, "Алан" балабақшасында баланы ұрып-соғу дерегіне қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ бастығының орынбасары Мұратжан Шәкеровтің айтуынша, 2022 жылдың 25 қаңтарында қылмыстық іс аяқталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда балабақшада кішкентай қыз соққыға жығылғанына қатысты жанжал жалғасып жатқаны хабарланды. Ата-анасының айтуынша, екі жасар қыз үйіне оралғанда, денесінде көгерген және қылғындырған іздер болған.