21 қаң, 2021 сағат 13:18

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Бүгін Саяси кеңес бюросының ұсынуымен Дәулет Кәрібек Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. 

2009-2010 жылдары елорданың Алматы аудандық «Jas Otan» ЖҚ төрғасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылы ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалық орталығының инспекторы болып істеді.

2012-2019 жылдары Nur Otan партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының қалалық және орталық деңгейлерінде түрлі басшылық лауазымды атқарды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы болды.

Дәулет Кәрібек партияда меритократия қағидатына сәйкес тәжірибе жинаған білікті маман. Ол Президенттік жастар кадр резервінде.