2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Голландия» сөзі Нидерланд патшалығының атауы ретінде ресми түрде күшін жойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Business Insider басылымына сілтеме жасап.
«Енді жергілікті билік, ЖОО, жекеменшік компаниялар мен баспасөз «Нидерланд» сөзін қолдануы керек. Үкімет бұл шешім есірткі мен жезөкшелікпен ғана байланыстырылатын образдан құтылуға көмектеседі деген ойда», деп жазады басылым.
Сонымен қатар мемлекет үкіметі бұл шешім туристік ағынды дұрыс бағыттауға да әсер етеді деп санайды, себебі қазіргі таңда туристердің көбі Амстердам, Харлем мен Гаага секілді қалаларға ғана баратындықтан, бұл қалалар көп туристерге төтеп бере алмай жатыр. Ал туризм кеңесі туристер Нидерландтағы стандартты емес бағыттарды да таңдауға көшеді деп үміттенеді.
Мемлекеттің атауына қатысты реформаға мемлекет бюджетінен 200 мың евро жұмсалады деп жоспарланған.