Фото: AP Photos
Непалдың уақытша премьер-министрі болып 73 жастағы Сушила Карки сайланды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол — ел тарихында Жоғарғы сотты басқарған алғашқы әйел, енді бірінші рет премьер-министр креслосына отырды.
Карки үкімет басшысы болуға өзі ұмтылмағанын айтып, жарты жылдан соң — 2025 жылдың наурызындағы сайлаудан кейін — отставкаға кететінін мәлімдеді:
"Бұл лауазымды қаламадым. Бірақ халықтың даусы мені қабылдауға көндірді".
Каркиді премьер ретінде Discord-тағы протест қозғалысы ұсынды. "Хами Непал" атты серверде 140 мыңнан астам адам дауыс берген. Бірақ соңғы шешім президент пен әскер қолбасшысымен келісілген.
Сушила Карки 2009–2017 жж. Жоғарғы сотта жұмыс істеді, соңғы жылында оның төрайымы болды. Кейін автобиография ("Судья") және роман ("Тюрьма") жазды.
Алдыңғы премьер, коммунистік партия жетекшісі Кхадга Прасад Шарма Оли әлеуметтік желілерге тыйым салғаннан кейін басталған жаппай наразылықтан соң отставкаға кеткен. Қақтығыстарда 72 адам қаза тапты, парламент ғимараты өртенді.
Енді Карки алдында үлкен міндет тұр:
- - елде тәртіпті қалпына келтіру;
- - парламент пен қираған ғимараттарды қайта салу;
- - ең бастысы — Z буынының талабына жауап беру: жемқорлықпен күрес, әділ басқару және экономикалық теңдік.
