25 қар, 2020 сағат 09:10

Назарбаев Университеті сияқты 2 озық өңірлік оқу орны ашылады - Президент

Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша кемінде тағы 2 озық өңірлік оқу орны ашылады. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Педагог мамандарға сұранысты арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы 2 есе көбейеді. Жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізін құрауға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша тағы да кем дегенде 2 озық өңірлік оқу орны ашылады» - деді ҚР Президенті.