25 қар, 2016 сағат 13:04

Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Астананың ребрендингі мәселесін айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына сұхбат берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгіме барысында елбасы елдің индустриалдық-инновациялық дамуының маңызы және мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, Назарбаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің әріптестік әлеуеті, ЕАЭО-ның басқа мемлекетаралық экономикалық бірлестіктермен және елдермен өзара әрекеттестік әлеуеті жайлы айтып берді. 

Мемлекет басшысы Қазақстан астанасының ребрендингі, республика жастарының білімін арттыру, білім беру процесінде үштілділіктің маңыздылығы мәселелеріне арнайы тоқталды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің Орталық Азияда терроризм мен экстремизмн белгілерінің алдын алу мәселесіне кешенді іс-қимыл жасаудың өзектілігін атап өтті.

Сөз соңында Қазақстан Президенті "Россия 24" телеарнасына шығармашылық табыс тіледі.

Ұлт порталы