Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Телефон арқылы әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.