#
#
Сенбі 17/04/2021

Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

  • 04.03.2021
  • 0
  • 123

Ташкентте Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев пен Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Ислам өркениеті орталығының директоры Шоазим Миноваров өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Меморандумның мақсаты - өркениетаралық және конфессияаралық диалог саласындағы ортақ жобаларды жүзеге асыру, толеранттылық пен келісім қағидаттарын дамыту. Тараптар дінаралық диалогты дамытудағы өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ екі мемлекет аумағында осы бағыттағы кездесулер, іс-шаралар, форумдар мен саммиттер ұйымдастыру мәселесі бойынша келісімге келді. Екі тарап та әлемнің тұрақты дамуының іргелі шарты әртүрлі конфессиялар, этностар мен мәдениеттер арасындағы диалог, сыйластық пен достық екенін алға тартты», - делінген Н.Назарбаев орталығы таратқан ақпаратта. 

Н.Назарбаев орталығының басшысы Болат Сәрсенбаев діни және ғылыми сарапшылар қауымдастығының түрлі конфессиялық қатынастары саласындағы іргелі, қолданбалы зерттеу жобаларын дамытудағы рөлінің өсіп келе жатқандығын, діндер арасындағы толеранттылықты нығайту, сондай-ақ екі бауырлас ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті. 

Сонымен қатар, Болат Сәрсенбаев 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі мен 2021 жылы өтетін съездің XIX хатшылық отырысына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының жетекшісі Мәулен Әшімбаевтың басшылығымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен дайындық басталғанына ерекше назар аударды. 

«Өздеріңіз білетіндей, Өзбекстан – біздің мемлекетіміздің маңызды серіктестерінің бірі ғана емес, бізге дос, бауырлас мемлекет. Қазақстан рухани білім беру, дінаралық диалогты ілгерілету, екі ел арасындағы тәжірибе алмасу саласындағы терең ынтымақтастыққа ерекше мән береді. Осы орайда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың конфессиялар мен өркениеттер арасындағы диалогты қамтамасыз етудегі, халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімнің тиімді стратегиясын әзірлеудегі рөлін атап өту маңызды. Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін жан-жақты қолдағаны үшін ризамыз. Осы жылдар ішінде съезд жұмысы әртүрлі конфессия өкілдерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тиімді құралға айналып үлгерді. Өзге елдер мен өркениеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы жемісті жұмысының арқасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі шынымен де Қазақстанның танымал символы мәртебесіне ие болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын ілгерілету және оны диалогтың жаңа деңгейіне шығару жұмыстарын бірлесіп жалғастыру маңызды деп санаймын. Тек ынтымақтастық, бауырмалдық қасиеттері ғана бізге бүкіл әлемдік қоғамдастықтың әл-ауқатын жақсарту мен ортақ мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді», - деді Н.Назарбаев орталығының басшысы. 

Болат Сәрсенбаев Өзбекстанға жұмыс сапары барысында Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, мүфти У.Алимовпен, Өзбекстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ф.Арзиевпен, Палестина мемлекетінің Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Таршаханимен кездесті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар