Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы жүргізілген конституциялық реформаны әрі қарай іске асыруға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген Ақорданың хабарламасында.