2018 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қару қолдануды жаппай жоюға арналған брифингке қатысады. Бұл туралы ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өткен баспасөз-конференциясында Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров мәлімдеді, - деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар орталығы.
Сондай-ақ, брифингке ҚР Президентімен қоса басқа да бірнеше мемлекеттің басшылары мен министрлердің қатысатыны айтылады.
"Біз неге бұл мәселені көтеріп отырмыз? Біз бүгінде түрлі саяси көшбасшылар мен елдер арасында сенімге негізделген қарым-қатынасты орнатуға көбірек назар аудару керек деп санаймыз. Мұнсыз қандай да бір проблемаларды шешу мүмкін емес деп ойлаймыз", - деді елші Қайрат Омаров.
Сонымен қатар, Омаровтың айтуынша, 19 қаңтарда Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов министрлік деңгейдегі дебаттарға қатысады. Дебаттардың Ауғанстан мен Орта Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты реттеуге арналатыны айтылады.
Орталықтың мәліметінше, БҰҰ жанындағы отырысқа БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қатысады. Ол Орталық Азияға биыл жазда келген еді.