Алдағы күндері қалада ауа райы бес градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ертең 20 наурызда, Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10...-12°С, күндіз 0...+2°С. 21 наурызда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз.
Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз +3...+5°С. 22 наурызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы -3...-5°С, күндіз +3...+5°С көрсетеді.