25 ақп, 2021 сағат 08:42

Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды

Мұрат Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

***

М.Ә. Нұртілеуді тағайындау туралы

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                              Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 25 ақпан

№ 519