26 шіл, 2016 сағат 15:53

Мұнай қымбаттаса да, теңге енді төмендей береді — сарапшылар

Қазақстанға қуанатындай негіз жоқ: мұнай бағасының құлдырауы әлі өте жоғары деңгейде тұр. Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (ҚЭЗО) мұнай нарығының ағымдағы жағдайы және оның болашақ дамуы жөніндегі баяндамасын жариялады.

«Қазақстан экономикасының қалпына келгенін көрсететін белгі жоқ, — деген пікірде ҚЭЗО экономистері. — Өнеркәсіп тоқырауға ұшыраған. Қызмет көрсету мен бөлшек сауда, байланыс қызметінің көлемі сияқты салалар бірнеше айдан бері құлдырау үстінде. Экономика пессимистік болжамның желісімен ілгерілеп келеді».

Канаданың мұнайлы құмдарындары аймағындағы ормандардағы өрт, Нигериядағы мұнай өндіру орындарына содырлардың шабуыл жасауы және Ливиядағы аса ірі үш мұнай порттарының жұмысындағы тұрақсыздық сияқты жағымсыз негізгі факторлар мұнай бағасын өсуге итермеледі, бірақ барлығының күрт өзгеруі мүмкін.

«Қытайдағы экономикалық өсім қарқынының баяулауы мұнайы нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылыққа кері әсер етудің қосымша факторы қызметін атқарады. Ұсыныстың сұраныстан артық болуы энерготасымалдаушылар бағасының ұзақ мерзім бойы құлдырауына әкеліп соғады», — деп жазады осы тұжырымдамалардың негізінде оқиға дамуының үш сценарийін болжалаған Орталық сарапшылары.

Орталық экономистерінің айтуынша, ел экономикасы не орташа, яғни, базалық сценариймен (инфляция деңгейі 15 пайызды, доллар бағам — 335 теңгені құрайды), не инфляция деңгейі 16,3 пайызды, доллар бағамы 375,6 теңгені құрайтын пессимистік сценариймен дамиды. Дамудың бұл нұсқасы ауыл шаруашылығындағы өсімнің 3,8 және құрылыста — 4,1 пайызды болуын қарастырса, ал доллар бағамы 288,43 долларды құрайды.

Кайрат Матреков

kaz.365info.kz