16 там, 2023 сағат 09:42

МҰҚК "Вагнер" жасағына жалданған қырғызстандықты ұстады

Фото: 24.kg

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Украина аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ер адамның кім екенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ұсталған азамат 2022 жылы 22 ақпанда Ресейге жұмыс істеуге кеткен. Кейін ол жерде қылмыс жасап, жауапкершілікке тартылып, түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеген.

"Ресей Федерациясының қарулы күштері Украина аумағында жүргізген арнайы әскери операция фонында оны "Вагнер" өкілдері қабылдап, келісімшарт негізінде жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын әскери топтардың қатарына қосқан. Ол 2023 жылдың 1 тамызында Украина аумағында ұсталып, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Ұсталған адамның әйелі күйеуінің Мәскеуден 8 шілдеде келгенін айтты.

Бұл - Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін ұсталған екінші қырғыз азаматы. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің қызметкерлері Украина аумағында соғыс қимылдарына қатысқан қырғызстандық Асқар Кубанычбек уулун ұстаған болатын. Ол 10 жылға сотталды.