04 мау, 2017 сағат 14:56

Мұхтар Шахановтың 75 жылдық мерейтойы туған жерінде басталды

Әлем ақыны Мұхтар Шахановтың 75 жылдық мерейтойы туған жерi Отырар ауданында басталды. Жерлестерi әлемдiк деңгейде мойындалған перзентiн Шiлiк ауылындағы қақпадан салтанатты рәсiммен қарсы алып, дәм-тұзын ұсынды. Одан әрi мерейтой иесi ел-жұртымен бiр-ге Арыстанбаб кесенесiне зиярат етiп, әруақтардың рухына Құран бағыштады. Отырартөбе қалашығын аралап, көрме жәдiгерлерiмен танысты. «Алаш» этноауылында ұлттық салт-дәстүрлерi-мiздi тамашалады.

Аудандық Мәдениет сарайында жерлестерi талантты перзентiн ақ бураға мiнгiзiп, қошемет көрсеттi. «Қазақты әлемге танытқан тарлан ақын» атты танымдық-тағлымдық кездесуде аудан әкiмi Ерлан Айтаханов Мұхтар Шахановтың көрнектi мемлекет қайраткерi әрi талантты ақын ретiндегi қырына тоқталып, мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жапты. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темiрхан ақынның адамзаттық мәселелердiң шешiмiн табуға белсене кiрiсетiн қасиетiне жан-жақты тоқталып, мерейтой иесiне сый-құрмет көрсеттi. Ал, ғалым Талжан Райымбердиев М.Шахановтың әдебиет пен қоғамға сiңiрген еңбегi ескерiлiп, Түркияның «Түркiтiлдес халықтар арасындағы ең үздiк әлем ақыны» сыйлығын иеленгенiн, түрiк елiнде қазақ ұлына жасалған құрмет-қошеметке куә болғанын қызықты әңгiмеледi. Композитор Қалдыбек Құрманәлi Шахановтың ән шығарушылық қырын әңгiме-сiне арқау еттi.

Мерейтой барысында «Сақ» киностудиясы тарту еткен «Отырарды қорғау» анимациялық фильмi көпшiлiктiң қызығушылығын тудырды. Фильм режиссерi Батырхан Дәуренбеков «Мұхтар ағамыздың поэзия сыанимацияға, мультфильм жасауға сұранып тұр. Тарихи оқиғаларды арқау еткен өлеңдерiне алдағы кезде де анимациялық фильмдер түсiремiз. Бұл жастарды патриоттыққа баулуда өте қажет» дедi.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерi, ақын Ханбибi Есенқарақызы кеш иесi жайында тартымды естелiк айтса, Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков, Бегаман Сұлтаев арнау жырларын оқыды. Мұхтар Шаханов пен композитор Шәмшi Қалдаяқов «Ақ бантик» әнiн арнаған Фатима ханымның кездесуге қатысып, кеш иесiне ыстық лебiзiн жеткiзуi әсерлi шықты. Ұстаз Жұмакүл Нәлiбаева өлең-жырмен өрнектеп жүргiзген шығармашылық кеште ақын жырларынан үзiндiлер оқылып, әндерi шырқалды. «Төрт ана» өлеңi әлемнiң 20-дан астам мемлекетiнiң оқулығына енген қайраткер тұлғаға балауса ақындар Базарбек Бекжан мен Гауһар Жүсiпәлиева арнау жырларын оқып, тұсауын кестiрдi.

М.Шахановтың мерейтойы алдағы күзде облыс орталығында кең ауқымда аталып өтiледi. Сондай-ақ, Түркия, Жапония, Англия секiлдi мемлекеттер де ақынның мерейтойын атап өтуге ықылас танытуда.

Үмiтхан АЛТАЕВА, «Оңтүстiк Қазақстан».