Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Атамбаевтың Қазақстандағы зейнетақы жайлы айтқан пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Мұның алдында Қырғызстан президенті екі елдегі зейнетақы мөлшерін салыстырған болатын. "Біз әрдайым, қандай бір мәселе болса да, бір-бірімізге көмектесіп келгенбіз", - деді министр Тамара Дүйсенова үкімет сағатының үзілісінде.
"Әлеуметтік төлемдер мен оның деңгейін салыстырсақ, бұл - әрбір елдің жеке өз мәселесі. Бізде аз немесе көп деу - менің тарапымнан және өзге тараптан айту дұрыс емес. Зейнетақы мөлшерін айтсақ, бізде Қырғызстан азаматтарының алатын зейнетақысы қарағанда 2,6 есе көп. 1 қаңтардан тағы да өсіретінімізді білесіздер. 1 шілдеде базалық зейнетақы қайта қаралды, осыны ескерсек, келесі жылы бұл айырмашылық 3,5 есеге жетеді", - деді Тамара Дүйсенова.
Мұның алдында ҚР СІМ Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың айтқан сөзіне байланысты мәлімдеме жасаған еді.