25 қар, 2016 сағат 11:04

Мейірхан Ақдәулетұлы жаңа журнал шығарды

Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен «Адырна» атты жаңа республикалық әдеби журналдың алғашқы саны жарыққа шықты.

"Әзірге 2000 данамен тарайтын 240 беттік жаңа журналдың бас редакторы — Мейірхан Ақдәулетұлы. Мәкең «Адырнаға» тек қана үздік туындыларды жариялаймын деп серт беріп отыр! 
Алғашқы нөмірде Дулат Исабековтің сұхбаты, Серік Ақсұңқарұлы, Ертай Ашықбаев, Әділ Ботпанов, Жанна Елеусіз сияқты ақындардың өлеңдері, Светқали Нұржанның «Хан кегі» атты поэмасынан үзінді, Құдияр Біләл мен Аягүл Мантайдың әңгімелері, Таласбек Әсемқұловтың, Мақсат Тәж-Мұраттың, Жұбаназар Асановтың, Бауыржан Бабажанұлының мақалалары еніп отыр. Андрей Вознесенский мен Хуан Рамон Хименестің де өлеңдері қазақша «сөйлеп» тұр", - дейді Бауыржан Бабажанұлы.

Әзірге 2000 данамен тарайтын 240 беттік жаңа журналдың бас редакторы - Мейірхан Ақдәулетұлы.

Журналдың тұсаукесері 2016 жылы 29 қарашада, 15.00-де Алматыдағы Жазушылар одағының ғимаратында өтеді.

"Ұлт порталы"