19 нау, 2020 сағат 08:45

Меркель коронавирусты Екінші дүниежүзілік соғыспен салыстырды

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирус пандемиясын Екінші дүниежүзілік соғыспен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Германия үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

18 наурызда Ангела Меркель коронавирусқа байланысты халыққа үндеу жасаған. Канцлер Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазіргідей проблемалардың болмағанын айтады. Оның айтуынша, коронавируспен күрес бүкіл тарихымыздың алдына міндет қойды.

Коронавирус қазір әрбір елдегі өмірді өзгертіп жатыр дейді Меркель.

Германия канцлері ел болып бірігіп, барлық күш-жігердің арқасында осы сыннан өтеміз деген сенім білдірді. Меркель мұндай қиын жағдайда үкіметтің қолдан келгеннің барлығын жасайтынын айтты.

Бүгінде коронавирусты әлемнің 130 елінде шамамен 218 мың адам жұқтырды. 8 810 адам қайтыс болып, 84 мыңнан аса адам вирустан айыққан.